АЙНАЛДЫМ

lat: AINALDYM

од. «Айналып қана кетейін, құрбандығың болайын» деген мәнді сөз.

Мен жолымды берейін, өт, қарағым,

Несін күттің, несіне көп қарадың?

Анасының бергенін саған берген,

Аруағынан айналдым текті Ананың! (3,265).

Қарттарын сыйлап, жастарын баулап түлеткен,

Қаласын сүйген, даласын сүйген жүрекпен.

Айналдым сенен, аяулы мекен, дарқан ел!

Туған елінің тасына дағы гүл екен. (3,195).