lat: AITÝYNSHA
үст. Айтуы бойынша, айтуына қарағанда .
Дәрігер сол қиналып, шаңын қақты,
Кім білсін, жотасына шағыл батты.
Айтуынша, аман-сау қонақтайтын,
Амал не, бір вертолет табылмапты (2,248).
Бәрібір қарауылға ілінгенсің,
Білгіштің айтуынша, «бүлінгенсің».
Жаман өлең жазайын Петефише Жамандасын білгішім, күнін көрсін (3,92).