lat: AIT /650/
ет. 1. Ойын сөзбен жеткізу, пікірін сөзбен білдіру .
Алыстан айғалап мен қоймағасын,
Аялдап, аңдап, шолып, айналасын.
Ағынмен арпалысқан мені көріп:
– Айт , – деді – сұрағыңды,
Қай баласың? (2,208).
Сен сұрама, мен айтпаймын ,
Айтып қалай тауысамын,
Мені тастап бара жатыр,
Басымда ойнап бар сағым (3,54).
2. Атап өт, ата .
Жайлауын айт жайлау деп Шалкөденің,
Еңсесі мыңғырған мал әр төбенің.
Су емес, суатынан қымыз аққан,
Пау, шіркін, қандай ғажап өлкем едің! (1,271).
Жеңісті айт ,
Қазақ қанын аямаған,
Отанды айт,
Өз баласын аялаған,
Қазақтың даласын айт,
Бүкіл Одақ Сая ғып сын сағатта саялаған (2,58).