АЙЫПКЕР

lat: AIYPKER

зат. 1. заң. Қылмысты ісі үшін жауапқа тартылған адам .

Өздерінің күнәларының ауырлығына байланысты, күнәкарлар мәңгілік зынданда әртүрлі азап-сорды тарта бермек. Бұл айыпкерлердің иерархиясы (5,167).

Алапат кез айыпкері Елена анау шатылды,

Қылышынан қаны тамған матаған ол Ахилды.

Майдандардың найзағайын махаббатқа батырды (5,27).

2. Күнәлі, жазықты адам .

Бұл жердегі айыпкер Манас, бірақ ол жоқ қой, жазықсыз қорланған екі бірдей ар кімнен өш алады?

Кімге барып мұң шағып, арын арашалайды? (4,162).

Екі айыпкер бірігіп, айығар анық жол іздедік (4,244).