АЙЫР

lat: AIYR

ет. 1. Бүтін нәрсені қақ бөлу, екіге жару .

Дірілдеп біраз тұрды да,

Гүрілдеп ала жөнелді.

Аспанды құдай ұрды ма?!

Айырар ма екен төбемді! (2,18).

2. Матаны, киімді, қағазды дар еткізіп жырту .

Жаба қойып бетіне орамалды,

Жамал тынды, тым-тырыс бола қалды.

Құрман жалғыз жейдесін дар айырып ,

Қуанышын құндақтап орап алды (1,198).

3. Туыс адамдарды, достарды бірінен-бірін бөлу .

Әне тұр соған куә жар қабағың,

Жағалап сонда жүріп зарлағамын.

Мейірбанды әкемнен мені айырған

Өлім еккен соғысты қарғағамын (1,59).

Сұрапыл соғыс бірақ та,

Амалсыздан айырды .

Ауыр жағдай шыдатпай,

Дос жүрегін қайырды (1,10).

4. Адам бойындағы жақсы қасиеттен ажырату .

Сон-оу бір бала кезімнен

Жауыздық барын сезінгем.

Мұң төгіп алғаш көзімнен,

Бәрінен сонда безінгем.

Келемін бірақ төзумен,

Айыра көрме сезімнен,

Арманым, тіріл, көз ілген! (3,115).

Құдіреттің қаһары айырғанда еріктен,

Осынау қызыл шәріге қамалмапты, не күткен?!

Осылай болған жағдайда, бақытсыз бұлар неліктен? (5,54).

5. Тану, білу, анықтау .

Дала, дала... Сардала сағым ұшқан,

Аумайды-ау, түпсіз терең сағыныштан.

О шеті мен бұ шетін айыра алмай,

Құстар да бағытынан жаңылысқан (2,346).

Сөзін оның, өзін оның көрдім дағы тайындым,

Қарсы алдымда кім тұрғанын таныдым да айырдым ;

Жауабымды келтесінен, түсінікті қайырдым (5,49).

6. ауыс. Құтқару, ажыратып алу, арашалау.

Көмек күт. Жігер жасытпа!

Көк дауыл көкте қыраннан!

Айырар ол, асықпа,

Бұлт пенен жыланнан! (1,32).

7. ауыс. Тазарту, артық дүниеден арылту .

Тақырыпты таба білу, сол тақырыпты қоқыс-қоспасынан айырып , поэтикалық сүзгіден өткізу ақындардың бір басқан ізін қайта шиырлауына ерік бермеген болар еді (4,299).