lat: AIYRBASTA
ет. 1. Бір заттың орнына екінші затты баспа-бас алмастырып алу .
Шаруаның баласы болғасын ба,
Шаруамен айналдым он жасымда.
Майдандағы әкеме оқ жібердім,
Айырбастап күлшемді қорғасынға (1,153).
келіннен алып қалды төрт бала,
Өзі – пана, ал өзіне – төрт пана.
Қартың отыр түгендеп ап ұпайын,
« Айырбастап төрт қараға төрт қара» (1,289).
2. ауыс. Ауыстыру, алмастыру
. Ей, Жастық! Сенің ғажап бір күніңді,
Алар ем айырбастап бір жылымды.
Мәзіріңе береке тілей келдім,
Құшағыма толтырып гүлгүлімді (2,232).
Жапырақ жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын .
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын,
Келісесің бе, ақ қайың? (3,95).