АЛУА

lat: ALÝA

қуырылып ұнталған майлы дәндерді қарамель массасы мен көбіктендіретін заттар қосып бұлғап дайындалған кондитер өнімі. Пайдаланылатын майлы дақылдарға байланысты тахинді (күнжіт), күнбағысты, жаңғақты және арахисті болып бөлінеді. Алуа құрамында май мөлшері (25—30%) жоғары және ылғалдылығы (4%-ға дейін) төмен болғандықтан, алуаның энергетикалық құндылығы жоғары, шоколадтың құндылығына жақын. Алуа өндірісінде негізгі шикізат қант, сірне, майлы дәндер, сабынды тамыр және дәмдік қоспалар болып табылады.