АЛУАН

lat: ALÝAN

сын. Сан түрлі, әр қилы .

Қапаста жатса дағы күрсінбеген,

Жомарт менің жүрегім дүрсілдеген.

Міне, соның жасырмай алуан сырын,

Ақтарайын, ел-жұртым білсін деп ем (1,91).

Шапанын алуан түспен қауыштырып,

Тау жатыр гүлмен гүлді ауыстырып.

Тырналар биік көкте мас болып жүр,

Ақыл-есін бұл көктем ауыстырып (4,42).