АЛҒА

lat: ALǴA /36/

үст. 1. Ілгері қарай, алдыңғы жаққа.

Аянбай сермеп қанатын,

Ақ кептер ұшты аспанға.

Бұрап бір қойып сағатын,

Аянбай солдат басты алға (2,205).

Сауығып келем,

Жинап та келем есімді.

Сағынып қалдым,

Саламат өмір кешуді.

Тағат таппастан,

Тартамын алға көшімді,

Жанып бітпестен жазбаған маған өшуді (3,150).

2. Дәл алдына, алдыға, отырған орнына.

Жүгінейік, Тартайық шындықты алға,

Өзгереді мұхиттар, құрлықтар да.

Өз бетімен, Табиғи өзгерсе екен,

Ұшырамай алапат сұмдықтарға (3,100).

Мен алғаш ауылымнан аттанарда,

Апарып көршідегі қарт бабаға,

Маған деп байғұс әжем бал аштырып,

Болашақ тағдырымды тартқан алға! (2,199).