АЛҒАЙ

lat: ALǴAI

ет. сөйл. Еске ал д.м.

Дүркіреп тұрған көктемде,

Сіркіреп нөсер төккенде,

Күркіреп жатқан бұлтты,

Найзағай шаншып өткенде,

Есіңе мені алғайсың (1,180).

Нұр жауып тұрған көктемде,

Гүл тере барсаң бөктерге,

Қоңыраулатқан аспанды

Найзағай шаншып өткенде,

Есіңе мені алғайсың?