АЛҒАШҚЫ

lat: ALǴASHQY /56/

сын. Әуелгі, бастапқы, бірінші кезектегі.

Қар жауды, міне, алғашқы,

Ақ тазым менің қар басты.

Түлкі ұстатып берем деп,

Үлкендер келіп жармасты (3,115).

Қарасаз менің алтын бесігімдей,

Бір күндік өмірімнің бесініндей.

Сенен татқан алғашқы биеемшегім

Өмірдің тұңғыш берген несібіндей (1,58).