lat: ALǴY
сын. 1. Алдыңғы қатардағы, алдыңғы саптағы.
Махаббаттан маза таппадым,
Күндіз де, түнде сапарда, алғы саптамын (4,20).
Сен алғы шерудесің,
Өмірдесің.
Елінің көгіндесің.
Таң атқанда қазақтың жастарына,
Таң жұлдызы
Шолпан боп көрінгенсің (2,355).
2. Болашақтағы, келешектегі.
Жөн сілтер бірер сөздерді,
Жазам да алғы күн үшін,
Қаққанша кірпік бір сөйлеп,
Кеземін қайта түн ішін. Сергелдең топтан көрсеңдер, Сенделген жанның бірісің (3,292). Жалғанда-жалған, жалғанда, Қаңырап бәрі қалған ба? Жете алмай алғы таңдарға, Кеттің-ау, боздақ, арманда (3,166).