АЛҒЫС

lat: ALǴYS

зат. Ізгі ықылас, ризашылық.

Алма бақ, асау өзен, қарлы шыңдар,

Аман-сау барлығың да бармысыңдар?

Ұшырған өздеріңе ән-құсым бар,

Арналған өмірім бар, алғысым бар! (2,271).

Бөпем де бөпем, бөпем-ау,

Не жазды сенің көкең-ау?!

Халықтың кейде алғысы,

Қарғыстан бетер екен-ау! (2,146).