lat: ALA /58/
сын. 1. Ақ түс пен басқа түстердің араласып, алмасып келген түрі (мал, мысық т.б.) .
Кесір бай кесе алмайды қанатымды,
Бар малына бермеймін ала атымды.
Заңды олжамды алдыма тарт көлденең,
Байыңа айт, тауыспасын тағатымды (1,190).
Ауыздықпен алысқан ала бесті,
Апыр-ай, қайда сенің қараң өшті?!
Құзар тау, құлама өзен, ну қарағай,
Сыпырып сай-саланы самал есті (1,192).
// зат. Ала түсті ерекше ат, жүйрік ат .
Жақыным болам десе жатсынбаған,
Астындағы Аласын сатсын маған.
Құйын қуған келімсек кер кедейді
Алласы асыра деп тапсырмаған! (1,190).
Арқаңдаулы ала тұр шыбындаған,
Күйбең-күйбең Құрман жүр қыбырлаған.
Көкейінде бір ой жүр шымырлаған (1,199).
2. Ақ жолағы бар: түрлі түсті (мата, қоржын, қап).
Ала қоржынын артып пошташы келді, орта жастардағы мүгедек адам (4,162).
Қолындағы дорбасын толтырып болып, анадайда тұрған өмірінде бүйірі шықпайтын ала қапқа салады да, қайта тереді (4,134).
3. ауыс. Бірдей емес, ала-құла; әр түрлі .
Қызық өмір, кім білсін, сонысымен,
Аласы мен құласы, торысымен.
Тағдыр түрлі болғанмен, өмір біреу,
Ұнатамын өмірді сол үшін мен (3,86).