lat: ALASHA
зат. Тоқылған өрмектен жасалған төсеніш, тақыр кілем.
Тамаша еді-ау, тамаша,
Тамшы тамса сыртылдап.
Төрімізде – алаша ,
Жалғыз төсек, бір сырмақ (2,365).
Есіңде ме тар лашық, аласа,
Еденіміз – текемет пен алаша .
Аласа үйде – асқар таудай тамаша,
Аласұрып қуанушы ек балаша (3,209)
. Сенің қандай аңсаймын тамашаңды?
Соғыс келді: Жүрекке жара салды,
Шапан еттім төсенген алашамды,
Қамқор тұтып қауқарсыз қара шалды (3,198).