lat: ALDA
ет . 1. Қулықпен біреуді жалған нәрсеге сендіру, өтірік айту .
Ақымаққа болмайды ақыл айтып,
Алдап кетер көзіңді бақырайтып.
Ағажан, маған несін әуре болдың
Бір ауыз сөзіңізге татымайтын (2,137).
Алдадың , қу балам, алдадың , Осы ма аңсаған арманың?! Сойдырман, жарқыным, Көремін жазуын алланың (4,103). 2. Өзін-өзі алдарқату, алдандыру, алданыш ету, жұбату . Қойларыммен қыр асып, тау барамын, Бір қоныстан бір қоныс аударамын. Қашамын, қайрылмайтын, қойға кетем, Жетеді өзімді өзім алдағаным ! (1,172). Тағдыр дейміз, Тағдыр дейміз ашына, талақ тағдыр, күйбең тірлік алдайды . Ақымақтың бақ боп қонып басына, Ақылдыдан аулақ кетер, бармайды (2,38).