АЛДА

lat: ALDA /46/

үст. 1. Алдыңғы жақта, ілгеріде .

Сен соңында, мен алда , әдет бар ғой бекіген,

Кеттік енді әр қарай, бірақ сенен өтінем,

Баса көрме от құмды, айналып өт шетінен (5,67).

Дүрбімен қарап отырмын, екеуі жотаға шығып барады.

Айбар алда , анау артта (4,98).

2. Алдағы уақытта, болашақта, келешекте .

Өтті күндер, жетті күткен сағатым,

Бұл күнді ойлап жүрек жайсыз соғатын.

Күтеді алда мені тағы ауыр сын,

Не жақсылық, не жамандық табатын (1,63).

Көрсетпе маған жасуды,

Көретін алда күнім бар!

Ауырлап жүрмін басымды,

Айықтырар кімің бар? (1,160). Үміт бар алда , бар арман, Талпына бергін таңдарға. Болымсыз нұрға ағарған Алданба, жүрек, алданба! (2,60). 3. Қарсы алдында, қол жетер жерде . Зыряновтың лашығы, Төрт орындық, бір стол. Алда карта тұр ашулы Әзірге тек жұмыс сол (1,103). Ойға жыр, көңілге күй, жанға тыныс, Айналаң алма-өрік, алда қымыз. Асан атам аңсаған Жерұйығы, Жігітім, жақсы ә, біздің Алматымыз? (2,63). Алда түннен қалған суық ет, жегем жоқ (4,99).