lat: ALPYS /35/
сан. 1. Елу тоғыздан кейінгі есептік сан .
Алпыс жинаққа алпыс түрлі пікір айту – бір адамның қолынан келмейтін шаруа (4,281).
Әділетіне бақсақ, алпыс ақынға пікір айту былай тұрсын, бір ғана ақынның бір таңдамалысының өзі де ұяты бар адамға үлкен жүк (4,309).
2. Алпыс жас, алпыс жыл .
Алпысқа келдіңіздер,
Бәрін де көрдіңіздер.
Бәріне сендіңіздер,
Бәрін де бердіңіздер.
Алпысқа келсек екен енді біздер ... (1,291).
Еңбек пен майдан тартыста,
Қорғадың мені әр тұста.
Еңбекпен өмір өткеріп,
Еніп те қаппын алпысқа (3,45).