lat: ALYP /106/
сын. 1. Үлкен, дәу, зор .
Барым да, байлығым, мақтаным,
Батпашы, шуақ Күн, батпағын!
Осынау алып ел үстінде
Мәңгілік борышыңды ақтағын!
Асықпа, аялда, батпа күн! (1,130).
Сонда да сүйіп өтем, сүйіп өтем,
Сүйе тұра құша алмау – күйік екен.
Алыптан алып болып тумаған соң,
Адам болып жүру де қиын екен (2,85).
2. ауыс. Атақ-даңқы үлкен, мықтылар д.м .
Әлемге ортақ ауа бар, әлемге ортақ жарық бар,
Мұңаймасын «кішілер», мұңайтпасын « алыптар »,
Ұлы ұлт жоқ, кіші ұлт жоқ,
Адамдар бар, халық бар,
Соғыс емес, еңбекпен ұлылығын анықтар (1,242).