АЛЫП-ҰШ

lat: ALYP-USH

ет. Көңілі көтерілу, желпіну, қуану .

Бойым балқып елжіреп!

Қуантасың сен неге?

Алып-ұшпа , шер жүрек!

Құмартасың сен неге? (1,52).

Қанатымен ақ құстың шағылысып,

Албырт көңіл барады алып-ұшып .

Алтайдан да биіктеп кеткенмін бе?!

Қауышқам ба аспанмен сағынысып?! (2,343).