АЛЫС

lat: ALYS /35/

ет. 1. Қатар-құрбыларымен таласып-тартысып, жағаласып ойнау .

Таныс өлке, Таныс аймақ, Таныс маң:

Аноу жерде құрбылармен алысқам ,

Аноу жерде құрбыжанмен табысқам.

Алба-жұлба ақша бұлттар жарысқан (3,182).

Таныс өлке, таныс маң,

Тайға мініп жарысқан,

Қара жолдың шаңы ұшқан.

Біреулермен алысқан ,

Біреулермен табысқан.

Сырнай тартқан қамыстан,

Таныс өлке, таныс маң (3,277).

2. Өмір қиыншылықтарымен күресу, арпалысу .

Бақыт іздеп соңғы сәулем сөнгенше,

Азабыңмен аянбай-ақ алысам !

Сенің түрткі күндеріңе көнгенше,

Мәңгі дымқыл төсегіммен табысам! (1,14).

Алысар жерде алысып ,

Табысар жерде табысып,

Жүгенсіз асау өмірдің

Жалына мықтап жабысып (3,199).

3. Жаумен соғысу, ұрысу .

Ғасырлар дәуірлер мен өтсін мейлі,

Сендерді намыс үшін кекшіл дейді!

Алысқан Отан үшін ардагерлер,

Сендерді өмір мәңгі көпсінбейді! (2,272).

Еңсеңді иіп, жаныштай,

Кім екен сені қор қылған?!

Тап жауыңменен алыспай ,

Тапжылдың неге орныңнан? (3,25).