АПА

lat: APA

зат. 1. Баланың туған анасы; шеше .

Шыңыраудан үн шықты шырылдаған:

Өлдім-ау, өлдім, апа ... Күнім қараң!

Қарақшы, сұм қарақшы затың құрсын!

Өлдім, апа естімей жатырмысың? (1,192).

Айтуынша Атаңның, Күн де ұзарды нар адым.

Жұмысы көп қой апаңның ,

Көмектес оған, қарағым (3,286).

2. жерг. Әже .

Тыңда, балам!

Тыңда, күнім!

Болуға жара қолқанат.

Кәрі апаң ,сәби інің барлығы саған аманат! (1,18).

Атам мен апамның қабіріне барып, мен құран оқыдым (4,102).

3. сөйл. Апай .

Түсінем, шырақ, түсінем.

Айтпасаң да түсінем.

Апаң бұл өмірге осы келсептей қалпымен түсе қалды ғой дейсің бе?

Апаң да талай күліп, талай жылаған (4,231).

Баламды үгіттеп, бүгін мектебіне жібердім, не деп, қалай қарсы алып жатыр екен жыланкөз апасы (4,53).