lat: APAT
зат. Табиғаттың (жер сілкіну, от, су т.б.) алапат күші, сойқан, қырғын .
Соғыс деген немене өзі?
Тек қана апат , қырғын ба?
Арман-тілек, ақыл-ойды апаратын құрдымға?
Соғыс деген – аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген – Төккен ары қыздың және ұлдың да (1,241).
Көктем де келер,
От ойнар әлі аспанда.
Көгерер әлі,
Кәрі емен, қайың, жас тал да.
Дүлейдің шоғы түспесе екен деп тіле,
Аспанда апат зарядтар жағаласқанда (2,88).