АҚ /155/

lat: AQ /155/

ет. 1. Судың (өзеннің, бұлақтың т.б.) өз арнасымен еңіске қарай құлауы .

Аймалап жатса, ашынып барған баласын,

Айығып, сергіп, басылып бір сәт қаласың.

Ағытып қойып, адамгершілік жағасын,

Ағасың тынбай, ағасың,

Жайық, ағасың (2,27).

Заңғар тау, ерке өзен ағып жатыр.

Сайды өрлей мыңғырып малың жатыр.

Сәйгүлігің елеңдеп, құлақ тігіп,

Сырттан итің маңқиып жанында тұр (2,334).

2. Көз жасы, тер, қан сияқты сұйық заттардың төмен қарай сорғалауы .

Аңыздардан тере жүріп масақты,

Рас, рас, көзімізден жас ақты .

Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,

Бәрімізден бір-бір батыр жасапты (1,215).

Нені көрдің, ну орман?

Кәрі шырша, не білдің?

Қабығыңнан қан ағып , неге сонша егілдің?

Куәсіндей кешегі аласапыран өмірдің,

Ақтарсаңшы сырыңды, нені көрдің, нені білдің? (3,21).

3. ауыс. Бір нәрсенің (ат, пойыз т.б.) өте қатты жүйткуі; заулау, зулау .

Сырқаттанып жүргенше сызда қалып,

Өлсем де өлейін мен құзға барып.

Мұзға барып құлайын құздан ағып ,

Сөндірейін отымды мұзға малып (3,184).

4. ауыс. Аспандағы жұлдыздың жерге қарай сырғуы .

Аспанда кейде,

Бір жұлдыз ағып баратса,

Тұрам да қалам,

Бұралмай қалған сағатша.

Керемет неткен!

Адамның келте өмірін,

Жұлдыз бен Жердің қашықтығынан жаратса (2,138).

Сенбесең сенбе, Осыған, әйтеу, мен сенем.

Құлазып қалам, бір жұлдыз ағып сөнсе мен.

Несі бар оның? Айып па адам тағдырын

Бүкіл ғаламның биіктігімен өлшеген?! (2,138).