АҚ /609/

lat: AQ /609/

сын. 1. Сүттің, қардың түсіндей аппақ .

Ұйқтасам, түсіме ылғи тау кіреді,

Тау жайлап, тау қыстаған шал жүреді.

Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен,

Астында балпаң басқан Сал күреңі (3,108).

Кешкісін оранып ап ақ сабанға,

Жатушы ек бой берместей атса жауға.

Таңертең жылы орынды қия алмаушы ек,

«Тұр, тұрлапбригадир қақсағанда (3,205). //

Шашқа, самайға түскен ақ .

Шашымның санап әр ағын ,

Таңырқай берме, қарағым.

Санаулы басқан әр адым,

Отыздан асып барамын (1,93).

Көбейте берме, жаным, шашың ағын ,

Жаным, сен жасымағын, жасымағын,

Нөсерлетіп бір сәтте басыламын,

Шашылады шұғылам, ашыламын (3,185).

2. Адал, таза, пәк, әділ .

Тұныққа төніп қара да,

Тұнық боп көрін халыққа.

Ақ па екен дүзің, қара ма,

Өзіңді өзің анықта (1,162).

Біздерді сол ұлы атақ жария қып, жалғап тұр,

Құрмет тұтып, жақындағам мен де соған аңдап бір,

Олардікі ақ , құрмет тұтам құрметімді арнап бір (5,23).

3. ауыс. Дүниенің, өмірдің жақсы жағы .

Түсінер ме не екенін бақ пен нала,

Боя дейді жалғанды ақпен ғана.

Сезер ме екен білгішім, қайдам,

Тұратынын алмасып ақ пен қара (3,92).

Дүниенің ағын да, қарасын да,

Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.

Қарасымен шамаң жоқ таласуға,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба? (3,192).

4. ауыс. Алла, құдай, хақ.

Сақ денеңде салауат жан емін-еркін жасауда,

Қақың да бар ұзақ, бірге бас сергектеніп алға,

Ақ жолында ақ даңқтың нұры жүрсін қашанда! (5,76)

5. ауыс. сөйл. Арақ .

Жол іздейсің несіне түсіп аттан,

Бой берсін бе бұрқасын үсік атқан.

Қатып өлер жайым жоқ, қарағым-ау,

Бой жылытпаса болмас-ты ішіп ақтан (3,8).