АҚҚУ

lat: AQQÝ /83/

зат. 1. Ақ қауырсынды, ұзын мойынды, сұлу мүсінді қасиетті құс .

Қасқа таң. Бұлбұл үні. Көл бетінде,

Аққулар ұйқтап жатыр тербетіле.

Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,

Таңданып тәкаппар құс келбетіне (2,174).

Алып аспан астына сыя алмай бір,

Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.

Мөлдіреген Жетім көл көкке қарап,

Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр,

Айдын көлін аққулар қия алмай жүр (2,176).

2. ауыс. Сұлу. әдемі, сүйкімді қыз бала .

Сен куә, Аршалы сай, Сол түні мен,

Аққуға тұзақ салып өлтіріп ем.

Сол түні неге мені аяп қалдың?

Жаңадан ауызданған бөлтірік ем (3,189).

3. ауыс. Аққудың үніндей құлаққа жағымды үн .

Бабамның көзімісің?!

Данамның сөзімісің?!

Жаралған сезім үшін,

Мазасыз жүрегімнің өзімісің?!

Домбырам, Қоңыр қазым, аққуымсың !

Арманым, мұңым, сырым, шаттығымсың! (3,201).