АҚЫРЫН

lat: AQYRYN

үст. 1. Жай, жайымен, баяу, аспай-саспай .

Жаяулатып, ақырын жүріп келем,

Құлыным қайда

Құрыққа ілікпеген?

Алақаннан жем жеген аяулым-ай,

Тірі жаннан тіксініп үрікпеген! (2,122).

Қартқа қарай ақырын аяңдады,

Қараусызға қарт келді, аянбады.

Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп,

Болған жәйтті келіні баяндады (2,178).

2. Абайлап, байқап, ептеп.

Әсте бір шығармайтын мені есінен,

Бөлініп кетуші еді енесінен.

Құйрығын тігіп алып жөнеуші еді,

Ақырын шертіп қалсам төбесінен (2,122).

Дегендейін «шәй даяр, жүр, қарағым»

Кемтар Ана мен жаққа бір қарады.

Қолыменен жер тіреп, үйге қарай,

Ақырын артыменен сырғанады (2,184).

3 . ауыс. Бәсең дауыспен, сыбырлап .

Ортасында оттардың өкшемізді жалаған,

Қауіпсіз мені қозғады жақсы көсем, жан Адам,

Айтты маған ақырын : «Ашық сөйлес, бар оған» (5,48).