lat: ARALA /24/
ет. 1. Аймақта (өлкені) кезу, шарлау .
Аралап жердің жүзін шарласам да,
Алматым жүрегімде әрқашанда.
Арылмас Алатаудан ән қашанда,
Аспанның жұлдызына самғасам да (2,270).
Жанарым, қарап үлгер мына маңға,
Көрсін деп жаралғансың тірі адамға.
Тау-тасын, орман-көлін аралашы ,
Құлаған құзы жоқ па, дін аман ба?!
Қарап қал, қарап үлгер мына маңға (2,183).
2. Ары-бері жүріп, сейіл құру .
Жай ғана көңілде жоқ қалағаным,
Кешкілік бақты ұзақ араладым .
Өбісіп те өлісіп екеу отыр.
Өтіп кеттім, бұрылып қарамадым (2,241).
Атқанда таң бозарып алтын арай,
Аралап өсімдікті жүрдім талай.
Ашығы сүттен аппақ жалғыз түп гүл,
Алдымнан болды пайда әлдеқалай (1,13).