АРҚАН

lat: ARQAN

зат. Қылдан не жүннен есілген жуан жіп .

Арқанды алдым белімнен, ағытқандай теңдерден,

Арқанды алды ақыным қадір тұтып мен берген,

Жиып ұстап, жақсылап құлаштауды жөн көрген (5,78).

Кер бестімін кермеде қаңтарулы,

Дүбір шықса үзермін арқаныңды.

Қалмаспын орта жолда омақасып,

Тамсантып таңдандырмай бар қауымды (1,292).