АРҚЫЛЫ

lat: ARQYLY

шыл. 1. Біреудің арқасында, соның көмегімен .

«Қайда қазір жарқын шақтың тамтығы?» Деп сұраса, не демексің, жарқыным?

Сөнген жанар түкпірінде дермісің, Әжуа боп, ащы мысқыл арқылы (4,7).

Асылдарым сен арқылы көрінген,

Мен өзіңе, оларға да берілгем (4,22).

Біз осы қасиеттері арқылы поэзияны тануға тиістіміз (4,258).

2. Бір нәрсенің үстінен басып өту нәтижесінде .

Ұқсамайды жасаулы керуенге ,

Көрінбейді серілер, перілер де.

Аспан, мұхит арқылы қатынасып,

Керуеннен адамдар жеріген бе?! (2,377).

Суықтан шанағынан шыққан қарасуда сең жүріп,өткел бермейтін болды. Кегеннің көпірі арқылы баруға тура келді (4,125).