lat: ARYZ
зат. 1. Жеке адамның мекеме басшысына ресми түрде жазған шағымы .
Міне, сонда адам болып шығасың,
Мықтыңнан да мықты болып тұрасың.
Төменгілер көре алмаса сынасын,
Арыз жазсын, тапсын дағы куәсін (3,78).
Үлгірерсің, көп қой әлі уақытың
Бұл Сібірдің күні-түні, таңы аз ба!
Тасташы әрі, қалса дағы бақытың
Осы ала қағазда!
Жазғаныңмен мың сан арыз, мың сәлем
Патша-ағзам босатпайды,
Текке кетер үмітің. (1,105).
2. Біреуге ауызша айтылған өтініш, қалау, тілек.
Күндер кідіріңдер!
Сәл рахым тамызыңдар!
Белшемнен қарызым бар!
Еліме менің айтар арызым бар!
Елімнің маған айтар арызы бар! (2,73).
Әманда саған бас ұрып,
Арызымды айтам асығып.
Шешіліп айтам ашылып,
Шаттығымды айтам тасынып,
Әйтеуір қалман жасырып (2,353).