lat: ARZAN
сын. 1. Бағасы төмен; қымбат емес .
Бір кездегі арзан матадан ұнасымды тігілген әдемі, әр уақытта тап-таза, студенттік костюмді бұл күнде сұрғылт коверкоттан олпы-солпы пішіле салған гимнастеркаға ауыстырыпты (4,129).
Өзгеріс – Айбардың төсегі жоқ.
Оның орнында пианино.
Еденде арзан кілем.
Қабырғада Айбардың портреті (4,236).
2. ауыс. Қадірсіз, құнсыз .
Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,
Шайқаңыз осы өмірді жүріп мейлі.
Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс,
Сіз өлгенде, қайтадан тірілтпейді (1,283).
Өткізген күндер дүрмекпен,
Өткен шақтармен бір кеткен.
Не таптық арзан құрметтен,
Арзан сауықты гулеткен? (3,257).
3. ауыс. Жеңіл-желпі, жәй, әншейін .
Осымыз қалай?
Жырымыз неге тым арзан ?!
Арнау жазбасақ, шықпайтын болдық құмардан.
Қырсығы тимес.
Қысқарсын «фабрикалар»
Арзан бағамен арнау өлеңдер шығарған! (2,152).
Көзіміз жете тұрса да, қасақана, өзімізше Эзоп болғансып, түбірі тайызда жатқан арзан ойымызды әдеби кейіпкеріміздің аузы арқылы оп-оңай оқушыға ұсынып жатамыз (4,277).