lat: ASÝ
Ас етістігінің қимыл атауы; дарға не басқа бір нәрсеге іліп өлтіру.
Жігіттер, хан мен полковник Гекке біздің елшілерімізді өлтірді! Қанға қан! Олардың елшілері біздің қолымызда: Асу керек соларды (Ә.Әлімжанов, Махамбет.).
Таң атып келе жатқан рауандап,
Күңірентіп Бухенвальдті нала жапты.
Жендеттер жалаңаяқ бір адамды ап,
Атуға иә асуға бара жатты (М.Мақатаев, Шығ.).