АСУ

lat: ASÝ

Ас етістігінің қимыл атауы.

1. Белгілі бір жерден, өткелден өту.

Сарғасқа төмен қарап, бір сәт үнсіз отырды. Жұманың айтқаны шекарадан асу екенін анық түсінді (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.).

Қордай тауынан асу қыстың боранды күндерінде өте қауіпті еді (Қ.Әміров, Өшп. жұлдыз.).

2. Арту, өсу, көтерілу.

Мархабаның сол жақ бүйіріне тақала жүріп келе жатқанымда, қарсы кездескен таныстардың күйінген я сүйінген қарастарын көргендегі мерейімнің асуын білсең (С.Сматаев, Армысың.).