АСУ

lat: ASÝ

зат. 1. Тау жотасының адамдар өтетін аласалау жері .

Асудың ортан беліне келгенде, машина қақалды да қалды. Біздер жерге түсіп, далбасалап, итеріп көмектескен болып едік, онымыздан нәтиже шығар болмады (4,117).

Сондай бір сапарында ауылдағы Сапар комсомол екеуін осы асуда бандылар ұстап атып өлтіріп кетті (4,126).

2. ауыс. Әр адамның басынан өтуге тиісті өмір өткелдері; биік белестер .

Күресті тыймаймыз әмәнда,

Алмаған асу бар әлі алда.

Тыныштық орнатпай болмайды,

Осынау беймаза заманға (1,125).

Мына жолмен уайымсыз әлі талай өтерсің,

Шыға алмаған асуыңа, аман болсаң жетерсің.

Ей, бауырым!

Ей, бауырым, басыңды бір көтерші,

Мынау қызық дүниені қалай қиып кетерсің (3,69).