АСАР-АСПАС

lat: ASAR-ASPAS

сын. Бір нәрсенің деңгейімен шамалас, азғана асатын.

Қазір кісі бойынан асар - аспас қана, діңгегі жуан ағаш та емес, селтиген бұта да емес, шөре-шөрелеу осы бір тырбиған ағашсымақ (Ө.Қанахин, Жер бас.).

Дала көз қайтар жерге дейін, сұр мәшінің тізесінен асар - аспас ақкүлгін бу жамылыпты (А. Сүлейменов, Бесін).