АШЫҒУ 1

lat: ASHYǴÝ

Ашық етістігінің қимыл атауы.  Жеткілікті не мүлде тамақ ішпеу, қарны аш болу. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің бәрі бірдей (Абай, Тол. жин.). Ашығу тағамның жеткіліксіздігінен не оның құнарсыздығынан, сондай-ақ тағамның дұрыс қорытылмауынан болатын организмнің жағдайы (ҚҰЭ). Ашығу органикалық қажетті қоректік заттардың жетіспеуі, ас ішпегендіктен немесе ішіпжеген асты сіңіруі. Бұзылғандықтан пайда болады (Қаз. тілі термин. Биология).

2. м е д. Белгілі бір ауру түрлерін емдеу және ағзаны сауықтыру ушін 24, 36, 48 сағат және одан да көп уақыт тамақтан бас тарту.