АШЫЛУЛЫ

lat: ASHYLÝLY

с ы н. Ашылған, ашық күйінде. Олардың алдында Зейнолла Құлжанов бар. Қолына беті ашылулы құран ұстаған бұл берілгендік, бейбіт тілегендік белгісі еді (М.Жұмағүлов, Қыран.).

Мол жеткен жан-жағына жақсылығы,

Болмаған мейірімде тапшылығы,

Кісі ғой рақаттың сарайындай,

Есігі әрқашанда ашылулы (Ғ.Қайырбеков, Торғай.).