lat: ASKARIDOZ
з а т. м е д. Аскарида құрты арқылы пайда болатын іш ауруы, жылан құрт ауруы.
Организмде аскариданың болуынан туатын ауруды а с к а р и д о з деп атайды (Зоология). Жылан құрт ауруы а с к а р и д о з - осы паразит құрттың денеге жайылуынан болатын ауру (М.Исамбаев,..Мед. анықтама). А с к а р и д о з д ы серологиялық реакциялар, рентген т.б. қолдану арқылы анықтайды. Аскаридозды құрттарға қарсы дәрілерді ішкізу, асқазанға таза ауа жіберу арқылы емдейді (ҚҰЭ).