АСПАНДАЙ

lat: ASPANDAI

сын. 1. Аспан сияқты, аспан тәрізді .

Көңілсізсің, көңілің қаяулы ма?

Түнерген аспандайсың жай алдында,

Жаным-ау, саған қатер таянды ма?!

Тіршіліктің тынысын бағып тұрған,

Кім екен тіл тигізген аяулыма?! (2,93).

Жүрегімнің сауыты тілсім кеуде,

Тынымсыз дүрсілдеуде, дүрсілдеуде.

Көктемдегі аспандай күркірейді, 

Болар-болмас жүрегім күрсінгенге (2,136).

2. ауыс. Көкпеңбек .

Ұстазым маған аударды аспандай тұнық жанарын:

«Айтарыңды айтып қал, не десең, білсін қалауың!»

Барлық ынта-жігермен сөз сөйлеуді қаладым (5,139).