lat: ASPANDAT
е т. 1. Биіктету, жоғары қарату.
Дүрия бұл маңайда ешкімнен жасқанатын емес, қос келіншек әлпеншекті аспандата, қатты тербеткен сайын жаны кіріп, меруерт тістерін көрсете шалқалап, сыңғырлай күледі (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш). Шалдың немересі тура бізге қарата, аспандата шаптырып тұр (Т.Тобағабылов, Жазира).
2. а у ы с. п о э т. Шарықтату, шалқыту, әуелету.
Құралай салған жерден әнді әуелетіп, аспандатып алды (Н.Серәлиев, Ақ қайың).
Жылқы алып, шаттанып, ат үстінде келе жатқанда таң ата аспандата салатын әні көрінеді сабаздың (X. Есенжанов, Ақ Жайық).
Аспандата, ән шырқата,
Біз соғармыз қайтарда (Қ.Аманжолов, Шығ.).
3. а у ы с. Көкке көтеру, дәріптеу.
Бір тайпы ел Айқынды «бала батыр» атап, даңқын аспандатып, дәріптеп жіберген еді (Ә.Әбішев, Терең тамыр.). Тіпті бала тапқан әйелдің бәрін ана деп аспандатпай, шешесі деп қана атайтын болған. «Ана» деген қасиетті атауды ауылдың, елдің анасы болған білікті әйелдерге ғана лайықтаған (Қ.Жұмаділов, Атамекен). Исі оқыған қазақтың бәрін бірдей керегіне жаратпақ болған бұл төңкеріс Ғайшаны да бірталай аспандатып көтергендей болды (М.Әуезов, Қараш.).