lat: ASPANdaı
с ы н. Аспан сияқты, аспан тәрізді
...Аспандай бола алмаса тылсым кеуде,
Түрме боп жүрегіме тұрсын менде.
Жаралғанда жүректің табыты еді,
Табыты боп жүрегіме кірсін жерге (М.Мақатаев, Шығ.).
Аспандай кең-байтақ, елсіз де шексіз далада өсіп-өнген адамда қиял мен үміттен өзге не әрекет болушы еді. Біздің бабаларымыз қиялшыл болды. Біріне-бірі ұқсас жаздың ұзақ күндері мен қапырық түндерін армандаумен, қиялдаумен өткізді (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).
Ал ертең бәрін ұмытып,
Аспандай тұндың көгілдір.
Не деген дарқан өмір бұл!
Сыйладым саған көп қайғы,
Сонда да кінә артпадың (М.Шаханов, Ғасырлар.).