lat: ASPARAGIN
з а т. х и м. Азоттық зат алмасу қосындыларынан шығатын органикалық зат.
Аспарагин әсіресе өсімдік дәндерінде көп мөлшерде жинақталады (Қазақ тілі термин. Биология).
Аммиак тұздары алдымен өсімдік тамырларында өзгеріске ұшырап, аспарагин дейтін усыз затқа айналады (Т.Мұсақұлов, Ботаника).
Аспарагиннің өсімдік тіршілігінде маңызы зор. Бұл азот қосылыстары мен белок ыдырағанда пайда болатын аммиактың зиянды әсерін жоятын зат (ҚСЭ).