lat: ASPAZ
Тағам дайындайтын адам, аспазшы
Әрбір қазанның басында шолақ тонының сыртынан халат киіп алып, қолдарына шөміш ұстап, аспаздар жүр (Б.Момышұлы, Москва.).
Аспаздың қарны асқанына тояды (Мақал).
Ашушаң аспаз апайдан,
Сұрап па ең қайта үстеме?
Тыңдап па ең әңгіме атайдан,
Кеште ме яки түсте ме? (М.Мақатаев, Шығ.).
Сәскеде, аспаздарым ас даярлап,
Пісіріп түрлі тағам алып келді (Базар жырау, Шығ.).