АСҚАН

lat: ASQAN

ү с т. Аса, тым, зор, өте.

Қарашаштың а с қ а н ақылды, білгір қыз екенін байқаған халық, оны Жиреншеге қосады (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз әдеб.).

Әр елдің музыка құралдарын ойнаушылардың ішінде а с қ а н шеберлері болады (С.Мұқанов, Саяхат.).

Жаған Аққозыдан да а с қ а н сұлу болуға тиісті деген ойдан ол арыла алмаған (І.Есенберлин, Алмас.).

Қазақта күйші өткен Құрманғазы,

Халықтың ол да а с қ а н өнерпазы.

Байсерке, Жантай күйші, Жолдыбайлар

Түсірген күйіменен ұшқан қазды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).