АСҚАН

lat: ASQAN

үст. 1. Өте, аса, тым .

Ал күрескер болу азамат болу деген сөз. Өз дәуірінің, өзі өмір сүріп отырған қоғамының азаматы болу дегеніміз асқан жауапкершілікті керек етеді (4,273).

Осы әңгіменің үстінде ақын шығармасын зерттеуден асқан азаптың жоқтығына көзіміз әбден жетті (4,309).

2. Шектен асқан, одан өткен .

«Съендіктерден асқан бұзылған жұрт қайда бар?»

Күресу үшін бұлармен француздар да ойланар?

Осылай дедім ақынға, осы еді сөзім ойға алар (5,140).