lat: ASQANDYQ
з а т. 1. Артылушылық, басым болушылық.
Битабарға... мұның Бәрі күші а с қ а н д ы қ емес, өнері а с қ а н д ы қ болып көрінді (С.Шаймерденов, Жыл құсы).
2. а у ы с. Асып-тасқандық, тәкаппарлық.
Бір адамды өз басына бола ұстап отыруды тым а с қ а н д ы қ деп таппас па жұрт (А.Байтанаев, Қайнар.).
Сондағы шаршадық дегеніміз әншейін а с қ а н д ы қ, еркелік екен ғой (К.Қазыбаев, Ызғар).