АСҚАҚ

lat: ASQAQ

с ы н. 1. Биік, заңғар, зәулім; асқар .

Алатау, а с қ а қ алып, сұлу керім,

Ақ торғын сілкіп тастап бұлт желегін.

Сәуле нұр, алтын шапақ арайына

Желпіне ашты кербез көкірегін.Қалауова, Шолпан).

Кешкі нұрдың аясындағы Арқалықтың жаңа үйлері а с қ а қ көрінеді. Мұртазаев, Табыл. теңіз).

Тыңжанның үшінші жылы жинаған астығы а с қ а қ Алатаудың өзімен тайталасты.Нұршайықов, Батыр).


2. а у ы с. Өркөкірек, менмен, тәкаппар.

Тарт тіліңді, а с қ а қ  қыз!

Алшағырға қол жетсе,

Арманы болмас Құртқаның (Қобыланды батыр).

Азғана күн тойдым деп, а с қ а қ сөйлеп лепірме.Мәуленов, Найзағай.).

«Күйшіде» ханның а с қ а қ мінез, тентек қызының өр көкіректігін, нашарға зорлығын көреміз (С.Мұқанов, Өсу жол.).


3. а у ы с. п о э т. Шарықтаған, шалқыған, шабытты.

Құзғын, қарға ғана тынбай шарлап мұңлы аспанды,

Отырардың аянышты зарлы өмірі басталды,

Айдай әлем мойындаған даңқы бар,

Жүз елу мың халқы бар,

Нөн қаланың а с қ а қ әні осыменен шектелді...

Үш күннен соң екі адамды

Шыңғыс ханға ап келді.Шаханов, Ғасырлар.).

Әйтеуір жігіт оған көп қарайды,

Шырқалған а с қ а қ ән де тоқтамайды.Айбергенов, Мен саған.).

Жарылғаптың «Алы бокары» Дәрменді де қыздырды, екілендірді, салған сайын оның асқардай а с қ а қ, Арқадай байтақ, тұлпардай желді, алыптай еркін ащы айғайы аспанға құлаш сермеді (Ж.Аймауытов, Қартқожа).


4. а у ы с. Жоғары, ұлы, өр, паң .

Бірақ ол Әсеттің халық жадында сақталған а с қ а қ  атақаңқының ширегіне де келместей аз көрінетін-ді («Қаз. әдеб.»).

Бүгінде банкке дейін «ұлттық» деп аталып жатқанда, Құрманғазы оркестріне «ұлттық бас оркестрі» деген а с қ а қ мәртебе неге бермейміз? («Жас Алаш»).

А с қ а қ  ұстап басыңды,

Көкірегіңе қонақтатып жиырмасыншы ғасырды,

Жырға құрмет бар қашан да,

Қастерлеймін, болмасаң да,

Табынатын, ақыным.

Бірақ тағы жол сияқты өзіңе ұқсас жақыным (М.Шаханов, Ғасырлар.).


5. а у ы с. Бейнелі, көркем, әдемі .

Ақын өлеңдеріндегі а с қ а қ теңеулерді байырғы ел қазқалпында ұғынады.Мүсірепов, Кездесп. кет.).


6. а у ы с. Әдемі, сұлу.

Дәмежан сол бұрынғы қалпы, өзі аңсаған сүйкімді бейне, армандай а с қ а қ  сұлу келіншек (Б.Тілегенов, Ақ қайнар).