АСҚАҚ

lat: ASQAQ

сын. 1. поэт. Биік, терең, парасатты .

Асқақ ой, арыңа құштар ем

Аға едің, ақылшы ең, ұстаз ең.

Өмірде өзіңдей болсам деп,

Еліктеп жолыңды ұстап ем (1,118).

Оны мен екі ақынның да алған поэзиясынан, ұстаған принципінен, әсіресе екеуінің де асқақ та ұстамды, терең философияға толы азаматтық үндерінен аңғардым (4,264).

2. ауыс. Тәкаппар, менмен .

Мейлі, ол қарамасын, түсінбесін,

Осылай асқақ болсын, кішірмесін.

Бастан ауып баратқан тал түсіме, 

Тағдырым көлеңкесін түсірмесін (2,168).