lat: ASQAR
с ы н. 1. Заңғар, зәулім, биік.
Ақтабан боп шұбырып,
Асып а с қ а р таудан да,
Алқа көлді айналып,
Ақ қайыңды сауғанда,
Арысын белден омырып,
Қалмақ тартып барды алды (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
А с қ а р белден күн нұры шашырады,
Шашырап, ол да көлге бас ұрады.
Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,
Аппақ нұр аппақ нұрға қосылады (М.Мақатаев, Шығ.).
Әне, өзге моладан басы асқан аұсақал марқұмның а с қ а р тамы (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Адалдығын біле тұра,
Жетіп алмай парқына
Тіл тигізсем
Жас бұлақ пен а с қ а р таудың даңқына
Менің тілім кесілсін (М.Шаханов, Ғасырлар.).
// Тау, шың.
Күз бопты, а с қ а р д ы бұлт тұмшалады,
Жел келіп жез қияққа мұң шағады (М.Мақатаев, Шығ.).
Иірілген айдаһардай ашулы а с қ а р,
Томсарған туғаннан-ақ тарғыл тастар (М.Жұмабаев, Шығ.).
2. п о э т. Бір нәрсенің ең биігі, шыңы
Алуға ғылым а с қ а р д ы.
Аттандырдың жастарды (Қ.Жармағамбетов, дәурен).
Ес білген бала, жас-кәрі, екі ердің жырын жаттаған.
Ерліктің, жырдың а с қ а р ы н (Ә.Нілібаев, Қоңыр жел).
Ақынның а с қ а р дарыны, асқақ таланты, өткір жанары барлығын да шолып өтті (С.Мәуленов, Үркер.).